Қазақстандық балуандар «Әлем барысын» жеңіспен бастады
2017 ж. 08 қыркүйек
1700
0
Астанадағы «Барыс Аренада» қазақ күресінен «Alem barysy» додасы басталып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алғашқылардың бірі болып боз кілемге Қазақстанның намысын қорғауға Еламан Ерғалиев шықты. Еламанның камерундық қарсыласы Долассем Диадоннамен белдесті. Белдесу көпке созылған жоқ. Көпшіліктің қошеметі мен құрметіне ие болған Еламан доданың алғашқы минутында-ақ қарсыласын шалып жығып, таза жеңіске жетті. Айта кетерлігі, Еламан Ерғалиев биыл «Қазақстан барысы» атанған болатын.
Еске сала кетсек, «Alem barysy» додасына әлемнің 40-қа жуық елінен 43 балуан өзара бақ сынасып жатыр. Қазақстанның намысын бұл додада Айбек Нұғымаров, Еламан Ерғалиев, Айбат Сейтен, Дәурен Нұралинов және Ержан Шынкеев қорғайды.