Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионаты тарихындағы тұңғыш жүлдеге қол жеткізді
2017 ж. 29 тамыз
2812
5
Венгрияның астанасы Будапешт қаласында дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер арасында ел намысын қорғап жатқан Отгонцэцэг Галбадрах Қазақстанға әйелдер арасынан тұңғыш әлем чемпионатының жүлдесін алып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ол жартылай финалда жапондық Тонаки Фунадан ұтылып қалғанымен қола медаль үшін өткен тартыста қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, Қазақстан қоржынына әлем чемпионатының тұңғыш медалін алып берді. Айта кетерлігі, осыған дейін дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем біріншілігінде бірде-бір медальға қол жеткізе алмаған болатын. Міне, бүгін Галбадрах осы олқылықтың орынын толықтырып, алғашқы медальға қол жеткізді.
Айта кетейік, 48 келі салмақта сынға түсетін отандасымыз Галбадрах жарысқа екінші айналымнан қосылды. Әлем чемпионатындағы алғашқы қарсыласы француз Франчиска Миланиден голден скорде басым түссе, екінші белдесуінде украиналық Дария Билодидті уақытынан бұрын таза жеңіп, ширек финалда Израиль спортшысы Ноа Минцерден басым түсіп, жартылай финалға жолдама алған еді. Өкінішке қарай жартылай финалда қарсыласынан ұтылып қалды. Алайда қола медаль үшін тартыста қарсыласын ұтып, қола жүлдегер атанды.
Естеріңізге сала кетейік, Галбадрах Отгонцэцэг жақында Қытайдың Тайбэйінде өтіп жатқан жазғы 2017 жылғы универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына қола медаль сыйлаған болатын.