Қазақстан көкпардан әлем чемпионы атанды
2017 ж. 28 тамыз
2200
2

Астана қаласының «Қазанат» ипподромында өтіп жатқан тұңғыш көкпар чемпионатының финалында Қазақстан құрамасы Қырғызстанды 4:1 есебімен жеңді.
Алаңға рухтанып шыққан қазақ жігіттері алғашқы минуттарда-ақ басымдығын аңғартты. 3-ші минутта Темірхан Айтбаев алғашқы салымды жүзеге асырып, жанкүйерлерді бір серпілтіп тастады. 8-ші минутта Бақтыбай Шырынқұлов есепті еселей түсті. 10 минутта Абылайхан Нышанбек есепті 3:0-ге жеткізген. Қарсыластар сапынан Рустам Тыналиев жауап қайтарды. Ал екінші кезеңде Александр Пупенко 4-ші салымды атына жазып Қазақстан құрамасына жеңіс сыйлады.
prosports.kz