Ағымдағы жылы Алматы облысының спортшылары 700-ге жуық медаль жеңіп алған
2017 ж. 19 тамыз
1628
0
Спорт күніне орай Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Чарапиев Тұратбек баспасөз мәслихатын өткізді.
Спорт саласын дамыту мақсатында облыс аумағында 3347 спорттық құрылым, соның ішінде: 2 спорт сарайы, 1 теннис орталығы, 22 стадион және тағы басқа кешендер бар.
Алматы облысында 2017 жылдың басынан 12 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 471 спорт шеберлігіне үміткер және 233 бірінші дәрежелі спортшы дайындалып, халықаралық және республикалық жарыстарда спортшылар 657 медаль (244 алтын, 218 күміс және 195 қола) жеңіп алды.
«Облыстағы спорт жетістіктерін айтып кетсем: көктем айында Анталия қаласында өткен халықаралық турнирде әйелдер күресінен спортшыларымыз 3 күміс медальдарға ие болды. Сонымен қатар, Грециядағы джиу-джитсудан Әлем чемпионаты өтіп, оған 8 спортшы қатысып, жарыс қорытындысы бойынша 1 алтын, 1 күміс, 2 қола (медальдарға ие болды. Және де Бангкок қаласында садақ атудан ересектер арасында Азия Кубогы өтіп, жарыс қорытындысы бойынша МИКС түрінен күміс, командалық жарыста қола медальдарға ие болды», - деді Чарапиев Тұратбек.