Ольга Рыпакова Әлем чемпионатында өнер көрсеткені үшін қанша табыс тапты?
2017 ж. 09 тамыз
1986
0
Үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова жеңіл атлетикадан Лондондағы әлем чемпионатында өнер көрсеткені үшін 20 мың доллар табыс тапты, - деп хабарлайды vksport.kz. Рыпакова 2лем чемпионатында 14,77 метрге секіріп, қола медаль жеңіп алған еді. Бұл оның маусымдағы үздік көрсеткіші. Қазақстандық жеңіл атлет финалға бір ғана мүмкіндікпен бірінші орында шыққан болатын. Басылымның мәліметінше, 20 мың доллар спортшының үшінші орын алғаны үшін жүлдесі. Чемпиондар болса 60 мың доллар алады екен. Ал әлем рекордын жаңартқан атлеттер 100 мың доллар көлемінде арнайы жүлде алады. Қоса кетейік, 32 жастағы Рыпакованың қоржынында әлем чемпионаттарының үш медалі бар - Тэгу-2011 жарысындағы қола мен Бейжің-2015-тегі күміс медалінен кейін осы жүлдеге қол жеткізіп отыр. Ал 2012 жылы Лондондағы Олимпиадада ол жеңімпаз атанған еді.