Фируза Шәріпованың ерлер күнтізбесіне арналған суреттері жарияланды
2017 ж. 28 шілде
3157
0

Қазақстандық боксшы қыз Фируза Шәріпованың ерлер күнтізбесі үшін түскен бірнеше суреті жарияланды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Фотосессия Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінде өтті. Күнтізбе 2017 жылдың қазан айының ортасында шығады деп күтілуде.

Мұның алдында Фируза Шәріпова 26 тамызда Астанада WBC International атағы үшін жұдырықтасатыны хабарланған.
"Әлем чемпионы болуды үнемі армандадым, ол менің мақсатым. Жекпе-жектің Қазақстанда, өз отанымда өтетінін екі есе қуаныш сыйлап отыр. Мен бұл жекпе-жекті барынша қалаймын. Светлана Кулакова біздің ұсынысты қабыл алса болғаны, мен оның белбеуін тартып аламын. Егер бас тартса, мен кез келген қарсыласпен жұдырықтасуға дайынмын", - дейді Шәріпова.
Суреттер Tennisi.kz күнтізбесі үшін