Футбол: Португалияның Брага кубогына жалғыз «Арландар» шақырту алды
2017 ж. 17 шілде
5827
6
Неге Португалия?
Португалия футболшы дайындап сатудан әлемдегі номері бірінші ел. Еуропадағы өмір сүру деңгейі арзан. Оқу ақысы төмен. Қазақстан халқының қалтасы көтерерліктей. Легионерлерге лимит жоқ. Футбол мәдениеті қалыптасқан, өте жоғары. Әлемнің №1 футболисті де – Криштиано Роналдо, әлемнің №1 жаттықтырушысы – Жозе Моуриньо да Португалиядан шыққан. Бұл біздің балаларға үлкен стимул.
"Арландар" ФК атынан барып, Қазақстанның өкілі болдық"
Ешқандай жүрексінбей ФИФА, УЕФА-ның тиісті мамандарына, әлемнің алпауыт футбол клубтарына тікелей байланысқа шықтым. Нәтижесінде Португалияның Брага кубогы турниріне шақырту алдым. Арландар ФК атынан барып, бүкіл Қазақстанның атынан өкіл болып кеттік. Барлық жағдайды сол жерде түсіндім. Себебі білуімізше "Астана" ФК-нан басқа осы күнге дейін Қазақстаннан бірде бір футбол клубы келмепті. Ал жасөспірімдер арасындағы клубтан мүлде ешкім келмеген.
Алғашқы күндері Қазақстанды білмей қиналған еді, соңында бәрі Қазақстан деп жанкүйер болды. Естімеген елі болғандықтан ба алғашқы ашылу салтанатында бізге бүкіл стадион аяқтарынан тік тұрып қошемет көрсетті. Әйтпесе бізден бөлек, Еуропа, Латын америка елдерінен де клубтар келген еді. Газеттері әр номерінде басқа ел емес тек Қазақстаннан Арландар ФК деп жазып жатты. Халқы да тек бізге ерекше құрмет көрсетіп, барлығы кезекке тұрып суретке түсті. Көз алдыңызға елестете аласыз ба стадионның көпшілігі Сізбен суретке түсетін болса? Қазақстаннан футбол клубының қатысу олар үшін үлкен жаңалық болды. Бұл әсерімді бір сөзбен айтар болсам, өзімді бөгде ғаламшардан келгендей сезіндім...
Қазақстанды таныту қолымыздан келгенше жасадық. Жабылу салтанатында стадион сахнасында Қаражорға билеп бердік. Трибуна бізді отырғызбады, қайта Қаражорға билеткізді. Олар да биледі...
Клуб - халықтікі
Клуб басшыларынан көп естігенім "клубтың иесі халық" дейді. Клубтың тағдырын жергілікті халық шешеді екен. Клуб басшылары жай өздерін ұйымдастырушылар ретінде сезінеді. Халықтан қатты қаймығатындай көрінді. Жабылу салтанатында 90-нан аса команданы сахнаға шығару біраз күш. Содан болар Брага әкімі шаршаған болу керек, соңғы 4-5 команданы сахнаға шығармай-ақ төменде марапаттап қайтарғысы келген еді, стадион халқы бірден өре түрегелді. Одан адамның зәресі қашпау мүмкін емес. Лезде сахнаға шығарды. Басшылары халықтан қатты қаймығады екен.
Балалары да еркін ойлы, асқақ рухты. Өкінішке орай құл болған мен болмағанның айырмашылығы қатты білініп тұрады екен. Біздің балалар қатты әсерленді, үлкен тәжірибе болды.
Мені таңқалдырды
Көп нәрсеге таң қала қоймас едім. Бірақ, Португалияда балалар үйінің болмауы, аборт жасатуға тиым салынғаны мені таң қалдырды. Әрине одан кейін футболы да таң қалдырды. Олар футболды билеп жүріп ойнайтындай көрінді.
Ұқсастық
Оларда да шашу бар екен. Клубтары жеңіске жетсе шашу шашады екен.
Нәтиже
Қазақстаннан бір футбол клубының келгенін естіген Португалия профессионал футбол клубының президенті Марио Коста мырза арнайы Лиссабоннан кездесу үшін келді. Пайдалы келісімдер болды. Қазірше құпия.
Брагалона футбол клубымен әріптестік меморандумына қол жеткіздік. Португалиядағы жарыстарға тұрақты түрде шақырту, тәжірибе алмасу, т.б. сияқты бірқатар келісімдер жасастық.
Жақын уақытта біз үшін үлкен сенсация жаңалықтар болады. Жоспарларымыз қазірше құпия. Тек күтіңіздер дегім келеді.
Фазылбек Әбсаттарұлы,
"Арландар" ФК президенті
qazaquni.kz