Қазақтың биші қыздары Испанияны тәнті етті
2017 ж. 01 шілде
3699
0
Талдықорғандық "Солнышко" хореографиялық ансамблі Испанияның Ллорет де Маре қаласында ұйымдастырылған "SUMMER TALENT LEAGUE -2017" халықаралық фестиваліне қатысып, Гран-при жүлдесін жеңіп алды.
Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайының директоры Есболова Ляззат баяндады, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ұлттық порталы.
"SUMMER TALENT LEAGUE -2017" халықаралық фестивалі - түрлі жанрларда өнер көрсететін шынайы жас таланттардың мекені. Фестивалге 10 нан аса мемлекет қатысып, ең үздігі Грузия еліне шақырту алды. Аталмыш фестиваль қаланың басты алаңында өткені айтылды.
«Халықаралық фестивалге ұжымымыздан 12 оқушы мен 3 мұғалім барып қайттық. Бізді Испания елінің ресми өкілдері өте жақсы қарсы алды. Бұл ел өзінің тамаша табиғаты мен таңғажайып ғимараттарымен таңқалдырды. Конкурстың бірінші күнің қазақ биімен аштық. Ұлттық киімімізге қызыққандар саны көп болғандықтан, қыздарымыз ел назарында жүрді. Екінші күні хорезм биі биленді. Ол да өзінің ерекше би қойылымдарымен ерекшеленді. Қатысушылар келесі күні Барселона қаласына экскурсиялық сапармен барды. Сонымен қатар интеллектуалды ойындар мен ойын-сауық бағдарламаларына қатысып қайтты», - деді «Солнышко» ансамблінің жетекшісі Татьяна Матвеевна.
Баспасөз конференциясына қатысушылар өзіңдік тарихы бар «Солнышко» ұжымына тек сәттілік тілесті.