Головкин vs Джейкобс: ЖЫЛДЫҢ ЕҢ НАШАР ЖЕКПЕ-ЖЕГІ атанды
2017 ж. 29 маусым
1952
0
Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Дэниэль Джейкобс арасындағы кездесу "Жылдың ең нашар жекпе-жегі" атанды, деп жазады Vesti.kz порталы.
Boxingnews24.com порталы оқырмандары арасында сауалнама ұйымдастырып өзінің аралық қорытындысын шығарды. Оның қорытындысы бойынша 18 наурыз күні Нью-Йоркте өткен Головкин мен Джейкобс арасындағы кездесу "Жылдың ең нашар жекпе-жегі" атанды.
Бұл кездесудің төртінші раундында америкалық боксшы нокдаунға түсіп қалған болатын. Бірақ ол есін тез жиып, отандасымызға қарсы толық 12 раунд жұдырықтасты. Нәтижесінде Головкин төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті.
"Нокауттың нағыз шеберлері кездескен жекпе-жекте жанкүйерлер үлкен шоу күткен еді. Бұл орта салмақтағы ең мықты боксшыны анықтайтын жекпе-жек ғана емес, ол кездесуде жеңіске жеткен боксшыға Сауль "Канело" Альвареске қарсы шығатын мүмкіндік ашылды. Өкінішке қарай, жекпе-жек көпшіліктің көңілінен шыққан жоқ. Джейкобс ара-қашықтықты жақсы сақтап, Головкиннің соққыларын өткізбеді. Головкин қарсыласы нокдаунға түсіргенімен, айқын басымдыққа қол жеткізбеді. Көп уақыттан бері біз Big Drama Show-ды көре алмадық", - деп жазады портал.
Ал Головкиннің өзі бұл жекпе-жекке байланысты берген пікірінде егер Джейкобсты нокаутқа түсірсем, Альвареспен кездесе алмайтын едім деді.
Айта кетейік, Айта кетейік, Головкин мен "Канело" арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Бұл кездесуде GGG орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін қорғайды.
Кездесуді АҚШ жерінде HBO арнасы ақылы жүйе (PPV) бойынша көрсетеді. Головкин PPV жүйесі бойынша өзінің үшінші кездесуін өткізеді.
Бұл кездесуге байланысты Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) арнайы белбеу жасап шығарды.