Головкин Майқұдықта балалар алаңқайын салып берді
2017 ж. 17 маусым
2288
10
Қарағанды қаласының Майқұдық шағын ауданында жаңа балалар алаңы пайда болды деп жазады 24.kz. Бұл боксшы Геннадий Головкиннің өзінің туып, өскен үйінің ауласына тартуы.
Елбасының «Туған жер» бағдарламасына қолдау ретінде туған өлкесінде ойын кешенін орнатқан әйгілі спортшының бұл игі ісі өңірдегі өзге де кәсіпкерлерге үлгі болды. Енді осындай ойын кешендерін Пришахтинск пен Сортировка шағын аудандарында ашу көзделген. Бұл шағын аудандағы ең үлкен ойын алаңы.
Нина Лепеха, Майқұдық шағын ауданының тұрғыны:
- Бұған дейін біздің балаларымыз басқа аулаларға барып ойнайтын. Қазір болса, басқа ауланың балалары бізге келетін болды. Әрине керемет, балалар жаздағы демалыс уақытында осындай әдемі ойын кешенінде ойнағанға не жетсін. «Туған жер» бағдарламасының арқасында әлі де көптеген игі істер жүзеге асырылады деген сенімдемін.