ҚАНАТ ИСЛАМДЫ ШЫНЫМЕН АРТАЕВ ЖЕҢДІ МЕ?!
2017 ж. 13 маусым
3133
8
2017 жылы майда, Қанат Исламның 24 кезекті жекпе - жегі тегеурінді түрде жеңіске жеткенін білеміз. Норборто Гонсалес қаншама келеңсіз әрекеттерге барсада, қарсыласының өз өнерін көрсетуіне мүмкіндік бере отырып, 12 майдан еркін аспанда сұлу бір соққылар жұмсап, қазақ рухының қайсар екенін тағы бір далелдеді. Бұл жарыста оң жұдырығын істетпей сол қолымен-ақ жеңіске жетті.
Өткен жылғы аты шулы Алматыда өткен жеті батырдың серкесі, алдаспаны ретінде көш бастаған Қанат Ислам 12 майданның 9 майданын сұрапыл соққылармен, ұпай санымен екі рет тізерлетіп жеңіске жеткен еді. Сол кезде арамыздағы мысық тілеулестер Алотей Патрикке жақтас болғаны есімнен кетпейді... Атың өшкір еттен өтіп, сүйекке барған құлдық сана болатын бұл тағы.
Өзінің бауырының рухын басып, жетпіс жеті атасы басқа мухиттың ар жағындағы жат біреудің сойылын соғу, қандасын көре алмау анық сорлылығы еді. Құлданып жатқан екі үндістің бірінің қожайынына бірін жамандығын көрмеседе жамандау іспетті.
Меніңше, Қанат Ислам қазақ рухының қайсар көрінісі болып жалғаса беру керек. Сол жолғы жарыс қазақ тілі мен рухының, орыс тілінсіз пост кеңістікке еркін самғап кете алатынын тұңғыш рет дәлелдеді.
"Сатып алмай құл болмас, өзіңнен тумай ұл болмас" дегендей Генаны қанша мақта, ұранда бәрібір қазақ бола алмайды. Қазақты екі тусада Қанаттай сүйе алмайды. Геннадий жақсы азамат, бұл жерде айтпағым ол емес.
Айтпағам қазақ тілін жақсы көру, өзге тілді жек көру деген ойды білдірмейді! Әрі жақсы деген адамның кемшілігі жоқ деген мағынаны білдірмейді...
Өткенде Қанаттың артынан шам алып түскен мақаланы да оқыдық. Сын әрине керек кез-келген дарын иесіне, алайда ол өсек аяңмен майдаланса залалдан басқа пайдасы жоқ. Аталмыш мақала қайратты жаныған емес, шам алып ілік іздеген құрдым дүние екен. Қан сөлі жоқ, стандық деңгейді негіз еткен қисынсыз сөздердің үйіндісі. Айналып келіп тағы Генаны мақтайды. Онда да сол өзгеге жалбақтап, өзін төмендеткен құлдық танымның қисынсыз ойлары. Негізгі айтар ойымызға тоқталсақ, Норборто Гонсалес пен Қанат Исламның осы жылғы майдағы жекпе-жегінде журналиспен телеарнаның төте ақпаратында сұхбат беріп отырған Бақтияр Артаев, бокс туралы шедевр пікірді шебер беріп отыруымен миллион адамды риза қылса, екінші жағынан мендік сатысының тым биік екендігімен есте қалды!
Журналистің "Қанат Исламмен кездесіп көрдің бе?", - деген сауалына, "Қанатпен Қарағандыда олимпиадаға іріктеу жарысында кездесіп, жеңдім" деген сөзі, өз тасын өрге домалатып, Қанатты төмендеткені көптеген жанкүйерлерге ұнамай қалды.
Ешкім толық көрмеген бір облыстың бұрышындағы өткен жарысты тіпті, жеңсе де 17 миллион халықтың алдында тікелей эфирде жариялауы әбестік әрі Азаматтық келбетке сын. Жалпы танымнан гөрі, жалқы жарнамаға ұқсап қалды. Бұл ақпарат алдындағы мәдениетіміздің деңгейін көрсетсе керек.
Маған Ислам мен Артаев бірдей, екеуі де бауырымыз, бірақ бұдан былайда келеңсіз дүниелер жол болып кетпесін деп, ақпарат ағынындағы асыра сілтенген әбестікті айтуды жөн көрдім! Бұл жарысты бүгін көріп қолыма осылайша еріксіз қалам алдым. Айтайын дегенім ежелгінің батырлары өзінің жеңілгенін ертегі қылып баяндайтын. Қажымұқан өзінің кімнен жығылғанын айтқан. Жыққан балуан, жеңгенін айтпаған. Нағыз көшпендінің батырлары осылай болған. Асыл мұраттан тұратын ерлік болмаған қоғамның батырлығы өз мүддесімен шектеліп отырған.
Серік Боқан