Өскемен тұрғыны Экспо-2017 көрмесіне жаяу жүгіріп жеткен (ФОТО)
2017 ж. 12 маусым
2063
6
Өскемен қаласының тұрғыны Ғалымжан Тоқтарұлы Астанада өтіп жатқан халықаралық Экспо-2017 көрмесіне атсалысу мақсатында Өскемен қаласынан Астанаға дейін жүгіріп жеткен.
«Менің басты мақсатым – халықты ЭКСПО көрмесіне шақыру, көрмені жарнамалау», - деді ер азамат Қамшы ақпараттық агенттігінің тілшісіне айтқан сөзінде. Ғалымжан Тоқтарұлының сапары 26 маусымда басталған, 9 маусым күні Қоянды ауылына таяп, 10 мауысмда діттеген жеріне жеткен. 16 күнгі сапарында күніне 80 шақырым жолды жүгіріп өткен.
Көрмеге аса қызығушылық танытқан қазақ азаматына 1000 шақырымнан астам ұзақ сапарды өткеру оңайға соқпағаны айдан анық, бірақ көздеген мақсатын қалай да жүзеге асырған ол бүгінде көпке арман болған көрмені аралап жүр. Өскемен қаласының тұрғыны сол аймақта білім алып, сол қаладағы Халыққа қызмет көрсету орталығында инспектор болып қызмет атқарған, қазіргі уақытта жұмыссыз.
Алайда жұмыссыз болса да, уақытын өз мақсатына жету үшін пайдаланған ер адам көрмені тамашалау үшін жолына кеткен қаржыны өз қалтасынан шығарған.