Астана Арландары финалда!

18
1169

Қадірлі достар Лос Анжелес қаласынан қуанышты хабар жетті. Астана Арландары американың чемпионы болған Лос Анжелес матадорсты 3-2 есебімен ұтып финалға шықты.
Жеңіс сыйлаған арландарымыз: Қанат Әбутәліпов, Марат Молдагереев, Иштван Бернат. Финалда Париж юнайтедпен Қытайда кездеседі.
Қуаныш ұзағынан болсын….

Фазылбек Әбсаттарұлы

18 ПІКІРЛЕР

  1. Қазақ, дұрыс айтасың, төрешілер Қазақстанды Францияға жығып берді. Мысалы , Бақыт Сәрсекбаев қарсыласын қуалап жүріп сабаса да, жеңісті франциялыққа берді,

  2. финалда төрешілердің шешімі әділетсіз болды, оны барлығыңыз көрген шығарсыздар, еуропалықтар азиялық команданың жеңгенін қаламаған сияқты

  3. жарайсыңдар қазақтың байсалды батырлары,
    бір соққымен талдырған қабандай қарсыласты.
    жеңістің көк байрағын жоғарыда желбіреткен,
    Байтақ елдің табанды тарландары…

  4. ҚАЗАҚ жұдырығын әлем танысын,батыр бабалар рухы арландарымды қолдап жүргей.АСТАНА АРЛАНДАРЫ тек биік жеңістерден көрініңдер.Қалың ҚАЗАҚ сендерді қолдайды және сенеді.Парижді жеңіп абыроймен оралыңдар батырларым.

  5. Алақай! Мынау бір жақсы жаңалық екен. Негізі, әміркандық бауырлардың мысын өткенде-ақ басып еді арландарымыз! Бірақ, қалған екі боксшымыздың ұтылып қалғаны өкінішті…

  6. Арландар жарадыңдар. Азуын айға білеген америкалықтарды үйіне барып тұрып сындыру деген оны сөзбен айта алмаймын. Енді сендерді ұшақтан күтіп алу жағын ұйымдастырайық…

  7. Қуаныш құтты болсын. Енді финалда Парижді жеңсек бітті сонымен ҚАЗАҚТЫҢ күрзі жұдырығын әлем танитын болады. Және байқап жүретін болады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз