Қазақ боксшылары Қытайлық қарсыластарын тізе бүктірді
2017 ж. 24 сәуір
1832
0
"Астана арландары" боксшылары Бүкіләлемдік бокс сериясының топтық раундының қорытынды кезеңінде (WSB) "Қытай айдаһарларын" жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бокс кеші бүгін, 22 сәуірде Саньеде өтті. Бес жекпе-жектің үшеуінде қазақстандық клубтың боксшылары басым болды.
Бокс кешінде бірінші болып 52 келіге дейінгі категорияда қытайлық Гуо Жан Әнуар Мұзапаровты жеңді - 3:0 (49:46, 46, 49:46).
Ал екінші жекпе-жекте Закир Сафиуллин 60 келіге дейінгі салмақта Сен Ванды жеңіп (49:46, 49:46, 47:48), есепті теңестірді.
69 келіге дейінгі категорияда Ричабилиге Хуричабилиг Асланбек Шымбергеновты 3:0 (49:48, 49:48, 49:48) есебімен жеңіп, командасын алға шығарған.
Осыдан кейін 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Арман Рысбек Лид Ванды нокаутқа түсіріп, есепті теңестіріп кетті.
Соңғы шешуші жекпе-жекте ауыр салмақта Олжас Букаев төртінші раундта Жибао Ванды техникалық нокаутпен тізе бүктірді.