Дархан Кәлетаев: Астана әкіміне футболға билет сатып алып беруге дайынмын
2017 ж. 13 сәуір
2503
0
"Астана" ПКСК қамқорлық кеңесінің төрағасы, сенатор Дархан Кәлетаев "Астана" футбол клубының "Тарлан" аренасындағы ойынын тамашалады. Футбол клубы аталмыш аренада жаттығуларын өткізуге мәжбүр. Себебі, "Астана Аренада" газон ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Бұл туралы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап "Қазақ үні" ұлттық порталы хабарлайды.
Кәлетаев Астана әкімі Әсет Исекешевті футбол клубының келесі матчына келіп қатысып, Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының топтық кезеңінде өнер көрсететін құраманың қандай жағдайда жаттығып жүргенін өз көзімен көріп қайтуға шақырды.
- Мен Астана әкімі Әсет Исекешевті "Астана" ФК келесі ойынына шақырманы. Елордалық клубтың қандай жағдайда жаттығып жүргенін көрсін. Тіпті, оған билет сатып алып беруге дайынмын, — деді Кәлетаев.
Сенатордың сөзінше, әкімдік "Астана Аренадағы" газонды өткен жылдың қараша айында ауыстырып бітіруі керек болған.