Головкиннен таяқ жеп жүрмеңдер! Астана әкімдігі жалған ақпарат таратып ұятқа қалды
2017 ж. 04 сәуір
2435
3
Астана қаласының әкімдігі Геннадий Головкиннің жекпе-жегін өткізу туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
[caption id="" align="alignright" width="217"] Берік Маржықпаев[/caption]
«Елорда әкімдігі 2017 жылдың 17 шілдесінде Геннадий Головкиннің жекпе-жегі өтетіні туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды. Әкімдік аталған шараның ресми ұйымдастырушысы болып табылмайды және аталған бокс кешін өткізу шарттары бойынша ақпараттан хабарсыз. Шындыққа жанаспайтын ақпарат бергені үшін Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықпаевқа ескерту жасалды», - делінген ресми xабарламада.
Айта кетейік, бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында Астана қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықпаев қазақстандық боксшы Головкиннің Астанадағы жекпе-жегі шілденің 17-сі күні өтеді деп мәлімдеді.
Алайда GGG командасы ол ақпаратты жоққа шығарды.