Көкшетауда пауэрлифтингтен әлем чемпионын өлтірді деген күдікпен бес студент ұсталды
2017 ж. 17 наурыз
1561
0

Көкшетау полициясы пауэрлифтингтен әлем чемпионын өлтірді деген күдікпен бір топ студентті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицейлердің мәліметі бойынша, наурыздың 14-не қараған түні Көкшетау қаласындағы төбелес cалдарынан Евгений Галузинский мерт болған.
"Бұл дерек бойынша 18-20 жас аралығындағы бес адам ұсталды. Олар қаладағы колледждердің бірінің студенттері. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Басты күдіктінің жасы 18-де. Ол қамауда отыр. Төртеуі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Бақылау камераларынан алынған видео мен куәгерлер бар", - дейді ІІД өкілдері.
Күдікті кінәсін мойындағанын хабарланып отыр. Евгений Галузинский - пауэрлифтингтен жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Бразилияда өткен әлем чемпионатында спортшы төрт рекорд орнатқан болатын.