
Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Қазақстанда жекпе-жек өткізетінін растады.
2017 ж. 14 наурыз
1911
0
Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Қазақстанда жекпе-жек өткізетінін растады.
- Менің білуімше, сен келесі жекпе-жегіңді өз отаныңда өткізгің келеді. Бұл сен үшін неліктен маңызды?
- Иә, өз отанымда жекпе-жек өткізу жоспарымда бар. Себебі, ол жақтағылардың бәрі кездесуді өз көзімен көруді қалайды. Бұл тарих үшін маңызды. АҚШ-та бокс кеші жоғарғы деңгейдің санатына кіреді. Қазақстандағы халық та осыны сезінгісі келеді, - деді Головкин баспасөз мәслихатында.
Естеріңізге сала кетейік, Головкин - Джейкобс кездесуі аясындағы бокс кеші Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында Астана уақытымен 19 наурыз күні сағат 08:00-де басталады.
Дереккөз: Prosports.kz