Айсұлтан Назарбаев футбол федерациясының вице-президенті атанды

[caption id="attachment_65638" align="aligncenter" width="480"]Айсұлтан Назарбаев Айсұлтан Назарбаев[/caption]

Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол федерациясына қызметке келді деп хабарлайды федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.

"2017 жылдың 28 ақпан күні Қазақстан футбол федерациясы Атқарушы комитетінің шешімімен ФИФА, УЕФА халықаралық ұйымдары және Ұлттық Қауымдастықтарымен байланыс бойынша вице-президент міндетін атқарушы қызметіне Айсұлтан Назарбаев тағайындалды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, Айсұлтанға дейін бұл қызметтің тізгінін Сейілда Байшақов ұстаған.