Азиада-2017: Қазақстан шаңғы жарысынан күміс медаль ұтып алды

Бүгін Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында шаңғышы Елена Коломина Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салды.

Бұл туралы Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

Ол шаңғы жарысынан классикалық жүріспен жеке спринт (1,4 шақырым) жарысында ІІ-орынды иеленді. Бұл сайыста Елена Коломинадан бөлек, Тамара Эбель, Ангелина Шурыга, Марина Матросова өнер көрсеткен болатын.

Айта кетейік, бүгін Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар спорттың алты түрінен, яғни, керлинг, шаңғы жарыстары, шайбалы хоккей, сноуборд, конькимен жүгіру спорты, шорт-тректен өнер көрсетеді.