Қазақстан құрамасы тағы да допинг дауына ілікті
2017 ж. 10 ақпан
2022
0
Австрия жерінде өтіп жатқан биатлоннан әлем біріншілігі кезінде Қазақстан құрамасының басы дауға қалды деп хабарлайды Cпорт-Экспресс.
Артынша Қазақстан құрамасының барлық спортшыларынан қан-сынамалары алынды. Қазақстандық шаңғышы Ольга Полторанина аталмыш жағдайға қатысты қатысты өз пікірін білдірді.
"Біз өзімізге 100 пайызға сенімдіміз. Арымыз таза. Олар ештеңе таппайды. Бізге жағдайды түсіндірместен алып кетті. Мүмкін жаттықтырушыларға мән-жайды түсіндірген болар. Әзірге біз ештеңе білмейміз", - дейді ол.