Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасына 11-ші алтын түсті. Бұл жолы биатлоншы Галина Вишневская үздік шықты, деп хабарлайды Baq.kz.
Жерлесіміз биатлоннан 12,5 шақырымға масс-старт бойынша жарысып, алтын медаль еншіледі. Күміс украиналық Яна Бондарға бұйырды. Қоланы ресейлік Лариса Кукулина жеңіп алды.
Қысқы Универсиада-2017. Алматы (Қазақстан)
Биатлон. Әйелдер. Масс-старт. 12,5 шақырым.
1. Галина Вишневская (Қазақстан) 36:15.4 (0+0+0+1)
2. Яна Бондарь (Украина) +1:02.3 (0+0+3+2)
3. Лариса Куклина (Ресей) +1:13.1 (0+0+0+2).
4. Елизавета Бельченко (Қазақстан) +1:27.0 (0+2+0+1)
5. Дарья Усанова (Қазақстан) +2:10.9 (0+1+1+4)
13. Александра Сасина (Қазақстан) +4:22.8 (0+0+3+1)
15. Анастасия Кондратьева (Қазақстан) +5:41.7 (2+1+2+1).
DNF. Алина Райкова (Қазақстан).