Қазақстан Универсиада ойындарында төртінші алтынды жеңіп алды
2017 ж. 02 ақпан
1800
0
Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева қысқы Универсиада ойындарының алтын медалін жеңіп алды деп хабарлайды Vesti.kz.
Финалда Галышева 73.80 ұпай жинады. Күміс медальді ресейлік Анастасия Первушина (62.13), ал қола австриялық Катарине Рамзауэрге (52.05) бұйырды.
Еске салайық, Іріктеу сайысының қорытындысы бойынша Галышев 67,06 балл жинап, финалға шыққан болатын.
Бұл Қазақстан құрамасының Универсиада ойындарында алып отырған төртінші алтын жүлдесі. Осылайша біздің құрамада 10 жүлде (4 алты, 2 күміс, 4 қола) болды.