Универсиада-2017: Фристайлшылар Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды
2017 ж. 31 қаңтар
2221
1
Фристайлдың микс түрінен сынға түскен қазақстандық дуэт Жанбота Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбек 28-ші қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасына екінші алтынды сыйлады деп хабарлайды NUR.KZ.
Финалда қазақстандық жұп екі қытайлық жұптан 167.05 есебімен басым түсіп, алтынды қанжығасына байлады. Ал қытай спортшылары ақтық сында 113.02 және 87.77 ұпай жинады.
Еске сала кетейік, кеше фристайлдың акробатика түрінен сынға түскен Жанбота Алдабергенова қола жүлдені жеңіп алған.
Ал бүгін Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды биатлоншы қызымыз Алина Райкова салды.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасы 2 алтын 2 күміс 4 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте екінші орында.