Алматыда Универсиада алауы жағылды (фото)
2017 ж. 29 қаңтар
2278
0
Алматыда 28-ші Халықаралық қысқы Униерсиаданың өтуіне ұйымдастырылған Эстафета алауы тұтанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Универсиада алауын ҚазҰУ студенті Айсұлу Ерниязова Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбекке табыстады. Қала әкімі алау эстефетасын Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландинге жеткізді. Қазір эстафета қала ішінде жалғасуда.
Алау эстафетасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан бастау алды, ал жалпы жолдың бағдары мынадай: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - Тимирязев көшесі - Манас көшесі - Абай даңғылы - Сейфуллин даңғылы - Гоголь көшесі - Сейфуллин даңғылы - Төле би көшесі - Достық даңғылы - Абай даңғылы - Байтұрсынов көшесі - Сәтбаев көшесі - Достық даңғылы - Республика Сарайы.
Еске салайық, осы бағыттар бойынша сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін жолдар жабылады. Алматыда Универсиада факелын алып жүретін танымал адамдардың есімдерін мына жерден көре аласыз. Айта кетейік, Vesti.kz, Tengrinews.kz және Massaget.kz сайттары кіретін Effective Media Liaison ЖШС директоры Сұңқар Қарабалин Абай мен Сейфулин даңғылдары қиылысқан жерден эстафета алауын алып жүреді.
©Владимир Дмитриев
Айта кетейік, Универсиаданың ресми түрде ашылу салтанаты 29 қаңтарда сағат 19:00-де басталады. Қазақстанның атынан спорттың 12 түрінен 171 спортшы қатысады.