Әйгілі Усейн Болт Олимпиада алтынынан айырылып қалды

Картинки по запросу усейн болт

Әйгілі желаяқ Усейн Болт Бейжің Олимпиадасындағы бір алтынынан айырылып қалды. Бұл туралы eurosport.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Усейн 400 метрлік эстафетадағы алтынынан командаласының допинг қабылдауы салдарынан қағылды. Бейжің Олимпиадасында Болтпен бірге чемпион атанған Неста Картераның қанына рұқсат етілмеген препарат табылды.

Осыдан соң, Халықаралық Олимпиада комитеті эстафетада чемпион атанған Ямайка құрамасының алтын медалін қайтарып алды.

Енді Усейн Болт Олимпиада ойындарының 8 дүркін чемпионы.