Мейвезер Головкиннің неліктен ұлы боксшы бола алмай жүргенін айтты
2017 ж. 10 қаңтар
2660
0
"Мен Головкинге аздап тәнтімін. Ол жақсы боксшы және мұнысын одан алып қоя алмайсыз. Маған оның жекпе-жектерін тамашалау ұнайды. Ол орта дивизионда тамаша боксшы, бірақ ұлылардың барлығы бір категорияда тұрып қалмаған. Олар жеңіл салмақтан бастап, салмағын арттыра отырып, әр дивизионда өздерін сынап көрген. Алайда, сізден сегіз фунт қана ауыр мықты жігітпен жекпе-жек ұсынған кезде, сіз бас тартып отырсаңыз, бұл сіздің ұлылыққа тырыспайтыныңызды білдіреді. Сіз тек орта салмақта чемпион атанып, осы салмақта ғана басым болып жүргіңіз келеді, әрине, мұның айыбы да жоқ. Меніңше, Джейкобспен жекпе-жек тамаша болады. Дэннидің мүмкіндігі бар деп ойлаймын", - дейді Джефф Мейвезер Fighthype.com сайтына берген сұхбатында.
Сонымен қатар, ол Головкиннің қарсыластары әлсіз екенін айтты.
"Головкин кіммен жұдырықтасты? Мен тек үш адамды айта аламын және Головкин оларды нокаутқа түсіре алмады. Қарсыластарының әлсіздігі ұлы болуға мүмкіндік бермегені де оның кінәсі емес. Бірақ, мен айтқандай, егер сіз ұлы болғыңыз келсе, өзіңізге ыңғайлы салмақты тастауыңыз керек. Алайда, ол мұндайға баруға дайын емес сияқты", - деп айта кетті ол.
Мұның алдында Джефф Мейвезер Головкиннің мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен болуы мүмкін делінген жекпе-жек туралы пікірін білдіріп, қазақстандықтың бұл жекпе-жекті ақша үшін ғана қалайтынын, бірақ мексикалықты бұған иліктіре алмағанын ойлайтынын айтқан.
Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес GGG жақын уақтты басқа салмақ дәрежесіне ауысатынын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, қазақстандық боксшы тартымды жекпе-жектерге қол жеткізу үшін 168 фунқа дейін көтерілуі мүмкін.