Баландин мен Рахимов әскер қатарына алынды (фото)
2016 ж. 27 желтоқсан
2187
0
Олимпиада чемпиондары Нижат Рахимов пен Дмитрий Баландин Қазақстан әскері қатарына қосылды деп хабарлайды Қазақстанның ауыр атлетика федерациясына сілтеме жасап Sputnik Қазақстан.

"Спортшылар Олимпиададан біраз бұрын әскер қатарына шақырылған еді, енді Астана әскери бөлімшесінде қызмет ететін болады. Алда жоспарланған жарыстарға әскер қабырғасында жүріп дайындалуға тура келеді, алайда бұл атлеттердің дайындығына еш кедергі келтірмейді", — деп хабарлайды федерация.
