Илья Ильин: Егер мен допинг қабылдасам, онда бүкіл әлем допинг қабылдайды
2016 ж. 27 қараша
3143
2
Танымал ауыр атлет Илья Ильин Prosports сайтына берген сұхбатында ХОК қабылдаған шешім жайлы пікір білдіріп, алдағы жоспарымен бөлісті.
– Білмеймін.
– Яғни?
– Сегіз жыл бұрын да, қазір де біз не қабылдап, не ішкенімізді білмедік. Бір мысал келтірейін. Жақында ММА спортшысының қанынан тыйым салынған зат табылды. Оның ағзасына бұл зат спорттық тағам арқылы енген. Ол бұған кінәлі емес және жақын арада оны ақтап алуы мүмкін. Егер бұндай жағдайлар 2016 жылы болып жатса, онда сегіз жыл бұрынғы Олимпиада жайлы не айта аламыз? Иә, біз біреудің қолынан тамақтанамыз. Бірақ ол тағам қай елден, қашан және қалай сатып алғанын білмейміз. 20 жыл спортта жүрсем де, шешімін таппаған сұрақтар көп. Неге тек спортшылар жазалануы тиіс? Мен ешкімді кінә артқым келмейді. Бірақ, өзімді де кінәлі сезінбеймін.
– Яғни, сен ешқашан допингты әдейі қабылдамадың ғой?
– Иә. Мен үнемі таза жұмыс істеуге тырысатынмын. Егер мен допинг қабылдасам, онда бүкіл әлем допинг қабылдайды. Мен мықты болу үшін тиым салынған заттарды ішемін деп ешқашан ойламағанмын.
Менің спорттық өмірімде еңбек пен жұмыс, қан мен тер, жас пен отбасынан алшақ жүру, жарақаттар мен ұйқысыз түндердің бәрі болды.
– Медальды қайтарып алу жөнінде шешім шықты. Бұндай шешім шықпайды деп үміттеніп пе едіңіз?
– Шынымды айтсам, мен осылай болатынын сезгенмін.
– Допинг-дауы тек 2016 жылы белең алғанын қалай түсінесің?
– Бұны да білмеймін. Көп нәрселер менің қатысуымсыз жүреді. Мен тек өзім туралы жаңалықтарды күтемін. Бұл жағдай маған қатысты болғаннан кейін, басында уайымдағанмын. Әртүрі ой келді.
– Ауыр атлектикада қаласың ба? Медальдарды қайтарып бермеуге бола ма?
– Штанга көтеріп тұрамын. Себебі мен соны жақсы көремін. Қазір мен тек жиырма сегіздемін. ХОК менің мансабымды тоқтатқаннан кейін, бұл шешіммен келісуге тура келеді.
Мен оларды жеңіп кеткен болатынмын. Қан мен тер төгіп, лайықты орнымды алдым. Бірақ бүгін маңызды болған нәрселер ертең өзгеруі мүмкін. Мен тек өмірімнің осы кезеңінен аттап өтемін. Маған енді басқа нәрсе маңызды болмақ.
Сонымен қатар, мен медальды бермеймін деп айқайлауға бармаймын. Бұл мәселенің түйінін шешетін жол емес. Заң бойынша беру керек болса, қайтарып беремін. Шимонға барамын. Ол Пекинде екінші орын алды. Өзімнің медалімді соған беремін. Ол менің үлкен ағамдай маған тәрбие берді. 2011 жылы оның үйінде болдым. Әлемдік рекордтарымды мен соған арнаған болатынмын.
Менің қалай жұмыс істегенімді біледі. Ауыр атлеттер бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Бірде-бір спортшы менің тарапыма жаман сөз айтқан жоқ.