Қазақстандық спортшылар Олимпиаданың тағы үш медалінен айырылды
2016 ж. 15 қараша
3878
17
Үш қазақстандық спортшы Бейжіңде 2008 жылы өткен Олимпиада медальдарынан айырылды. Бұл туралы NUR.KZ Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
ӘСЕТ МӘМБЕТОВ (КӨК КИІМДЕ). ФОТО: PROSPORTKZ.KZ
Халықаралық олимпиада комитеті допинг қолданғаны үшін үш қазақстандықты медальдарынан айыратын болды.
Олар: екі қазақстандық ауыр атлет пен бір грек-рим күресінің палуаны - сәйкесінше, күміс жүлдегер Ирина Нерасова, қола жүлдегер Мария Грабовецкая мен қола жүлдегер Әсет Мәмбетов.