АҚШ-тың жаңа президенті Головкинді "ұлы боксшы" деп санайды

Қазақстандық Геннадий Головкиннің жанкүйері Дональд Трамп АҚШ-тың президенті болып сайланды. Бұл туралы  Prosportkz.kz хабарлайды.

АҚШ-тың жаңа президенті Головкинді "ұлы боксшы" деп санайды

Трампқа АҚШ халқының 56,9 миллионы дауыс берсе, 55,8 миллион адам оның қарсыласы Хиллари Клинтонды таңдаған.

Естеріңізге сала кетсек, былтыр Дональд Трамп Геннадий Головкиннің Давид Лемьемен жекпе-жегін тамашалап, қазақстандық боксшымен киім ауыстыратын бөлмеде сөйлескен болатын. Сол кезде ол GGG-ді ұлы боксшы деп санайтынын және оның Флойд Мейуэзермен жекпе-жек өткізгенін қалайтынын айтқан еді.