Илья Ильин мемлекеттік қызметке ауысып кетті
2016 ж. 04 қараша
2274
0
Допингпен ұсталған әйгілі Илья Ильин зілтемірді тастап мемлекеттік қызметке ауысып жатыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Сөйтіп зілтемір мен спортзалды шенеуніктің жайлы орынтағына ауыстырған Ильинге бірер күндікте жаңа қызметке алынғаны туралы бұйрық шығып, ұжымға таныстырылмақшы. Айта кетсек, Ильиннен өзге Спорт министрлігі допингпен ұсталып барлық жарыстардан шететілген Светлана Подобедова мен Жасұлан Қыдырбаевқа да жұмыс қарастырып жатыр екен.