Танымал мультимиллионер Назым Қызайбайға үй салып берді

1
1458

Танымал кәсіпкер, мультимиллионер Бауыржан Оспанов бокстан әлем чемпионы Назым Қызайбайға үй салып берді, – деп хабарлайды qazaquni.kz порталы.

Бұл туралы боксшы қыз өз желі парақшасында жазған.

«Сәлеметсіздер ме, менің құрметті инста оқырмандарым. Мен 2014-ші жылы бірінші рет Әлем чемпионатын ұтқанда Бауыржан Оспанов ағамыз маған көлік сыйлаған еді, ал 2016 жылы мамыр айында, өзіміздің Астанада өткен Әлем чемпионатының жеңіпазы болып, Әлемнің екі дүркін чемпионы атанғанда маған және ата-ана, бауырларыма үлкен үй салып беремін деген еді, міне қазір сол үйге көшіп келдік. Осындай ағамызға барлық отбасымыздың атынан үлкен рақмет айтқым келіп отыр! Осындай Бауыржан ағамыздай, Қазақтың спортқа деген барлық жағынан көмектесіп, көңіл бөліп жүрген ағаларымызға мың да бір рахмет. Аман болыңыз, Бауыржан аға», – деп жазған боксшы желі парақшасында.

1 Пікір

  1. БАУЫРЖАН ОСПАНОВ ҰЛТЖАНДЫ АЗАМАТ.ҚАНАТ ИСЛАМҒА ҚАЛАЙ ҚОЛДАУ ЖАСАП ЖҮР.АЛЛА ЖАР БОЛҒАЙ.БАЛАЛАРЫҢНЫҢ ТЕК ҚЫЗЫҒЫН КӨРІҢІЗ..ƏМИН.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз