ОРЫС ТІЛІНСІЗ әлемге ҚАНАТ ЖАЙДЫҚ!

Бізге орыс тілі қажетсіз бола бастағанын халық өзі көрсетіп берді!..

  photo_30949   Ал биліктегі көкелер, бізде де  орыс тілінсіз-ақ əлемдік деңгейдегі дүниені жасауға болатынына кеше көздеріңіз жеткен болар. Кешегі дүбірлі доданы көріп отырып, ұйымдастырушыларға риза болдым. Бүкіл жарыстың өне бойынан қазақилықтың исі аңқып тұрды. Тек Қазақша-Ағылшынша! Бір ауыз орысша жоқ. Соңғы жиырма бес жылда жеткен жетістігіміздің ең бірегейін Қанат Ислам бауырымыз көрсетіп берді. Осы жарыстың негізгі ұйымдастырушысы, мұрындық болған ұлтшыл азамат Бауыржан Оспанов ағамызға Алла разы болсын! Қазақтың рухын бір көтеріп тастадыңыз. Əйтпесе, елімізде байлығынан бұлақ ағызған қаншама дəулетті азаматтар бар. Бірақ ұлтына емес, құлқына қызмет жасап жатыр көбісі. Ал жігіттерімізге батыр бабалар аруағы бір риза болған шығар. Халықтың ризашылығын онсызда білесіздер. Бəрін айт та, бірін айт, кешегі доданың дақпырты біраз жылдарға кетейін деп тұр. Яғни, сең қозғалды. Бізге орыс тілі қажетсіз бола бастағанын халық өзі көрсетіп берді. Əрмен қарай көз тимесін. PS. Айтпақшы Қанат Ислам рингке шығып келе жатқан сəтіне сəл эфект жетіспей қалды. Қазақ елінің өткен заманы мен бүгінгі жетістігін көрсететін промо ролик көрсеткенде ғой. "Дүр Қамшы" əнін орындаушылар Əсет Есжан мен Олжас Абай өздері айтып шыққанда...  Бір қолға бүркітін қондырып, тазы итін жетекке алып, ұлттық киімдер киген жігіттер шықса, қатып кетер ме еді... Болашақта ескересіздер... Бақыт ТҰШАЙ Фейсбук парақшасы bauyrzhan-ospanov