Ильин бастаған ауыр атлеттер түгелдей медальдарынан айырылды

4
2007

Халықаралық антидопинг қауымдастығы 18 қазан күні шұғыл алқа-қотан жиын өткізді. Қатысушылар кіл ауыр атлетиканың жілігін шағып, майын ішкендер деп хабарлайды 24.kz.

Картинки по запросу илья ильин

Осыған дейін қазақстандық спортшылар жеңіп алған медальдар мәселесі бұл жолы майшаммен қаралғандай. Подобедова, Манеза, Чиншанло және Илия Ильиндердің Лондон Олимпиадасында жеңген медальдары енді қайтадан Халықаралық Олимпиада комитетіне табысталуы тиіс. Себебі олар кезінде рұқсат етілмеген дәрі-дәрмек қабылдаған-мыс.

Жақын арада бұл жағдайдың анық-қанығы белгілі болып, Қазақстан тарапы ресми мәлімдеме жасайтын болады.

4 ПІКІРЛЕР

  1. Өкінішті! Қалай болғанда да біздің чемпиондар кейінгі толқынға үлгі бола білді. Өздері атағынан айрылса да, солардың жолын қуған көптеген жастар өсіп келеді. Кезіндегі олардың жеңісі сонысымен құнды.

  2. Қанша жылдан нақты қорытындысы шығып отырған ол қандай сараптама? Халықаралық Олимпиада комитеті олимпиадаға қатысушы спортшылардың олимпиадада жеңіске жеткендеріне әбден көздері жеткенше араға уақыт салып, нақты қорытындыны күтетін ереже енгізу керек қой, бұлай істей беретін болса.

  3. Қазақты табалап, илгери бастырмаудың айласы. бұған қалай жол бересіздер? оларда бар сараптама бизде де бар ғой. нәтижесі жақсы болар деп умиттенемиз. жалған ақпаратқа бой алдыртпайык!!!!!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз