Қанат Ислам Момышұлы медалімен марапатталды

Қазақстандық боксшы Канат Ислам (21-0-0, 18 KO) Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» медалімен марапатталды. Бұл жайында «ҚазАқпарат» хабарлайды.

dalanews-kanat_islam

Марапатты кәсіби боксшыға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл табыс етті.

«Қанат Исламнан басқа әлемдік аренада Қазақстанды танытуға үлес қосқан елдің өзге де азаматтары марапатталды», – деді спортшының менеджері Берік Сұлтан.

Оның сөзіне қарағанда, қазір боксшы 29 қазанда Алматы Аренада өтетін өзінің келесі жекпе-жегіне дайындалып жатыр. WBA (Interim) нұсқасы бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионының қарсыласы Гана өкілі WBA FedeCaribe белдеуінің иегері Патрик Аллтоей болмақ.