Қанат Ислам Момышұлы медалімен марапатталды

2
1336

Қазақстандық боксшы Канат Ислам (21-0-0, 18 KO) Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» медалімен марапатталды. Бұл жайында «ҚазАқпарат» хабарлайды.

dalanews-kanat_islam

Марапатты кәсіби боксшыға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл табыс етті.

«Қанат Исламнан басқа әлемдік аренада Қазақстанды танытуға үлес қосқан елдің өзге де азаматтары марапатталды», – деді спортшының менеджері Берік Сұлтан.

Оның сөзіне қарағанда, қазір боксшы 29 қазанда Алматы Аренада өтетін өзінің келесі жекпе-жегіне дайындалып жатыр. WBA (Interim) нұсқасы бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионының қарсыласы Гана өкілі WBA FedeCaribe белдеуінің иегері Патрик Аллтоей болмақ.

2 ПІКІРЛЕР

  1. Жәй әншейін значок қой. Мәртебесі де маңызы да жоқ. Депутат қара басын насихаттауы үшін, әркімге бір таратады. Осыны да жазасыңдар ма журналистер.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз