Головкиннің Брукпен жекпе-жегін қайдан көруге болады?
2016 ж. 10 қыркүйек
2764
0
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен британдық боксшы Келл Брук арасындағы көптен күткен жекпе-жек бүгін, қыркүйектің онынан 11-не қараған түні өтеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Головкин-Брук жекпе-жегін тікелей эфирден "Қазақстан" және Kazsport арналары көрсетеді. Одан бөлек трансляция аталмыш арналардың сайтында да жүргізіледі. Мына сілтеме "Қазақстан" арнасынан тамашалауға мүмкіндік берсе, мына сілтеме арқылы Kazsport арнасынан тамашалайсыз.
Екі боксшы да 4 млн доллар көлемінде рекордтық сыйақы алады. Жекпе-жекке Головкиннің IBO, IBF және WBC титулдары тігілген. Егер Головкин жеңілсе, бұл белбеулердің бәрінен айырылады.