Жансая Әбдімәлік: Әлем чемпионы атанған соң депутат боламын
2016 ж. 09 қыркүйек
4565
0
Жансая Әбдімәлік – барлық әлем танитын 16 жасар қазақ қызы. Бала кезінде ол мәнерлеп сырғанаумен айналысқысы келген, алайда, ата-анасының арқасында ол сегіз жасында шахматтан әлем чемпионы атанып, Елбасы оған өз қолымен үш бөлмелі пәтер сыйлаған. Today.kz тілшісіне берген сұқбатында Жансая Әбдімәлік оның өсу жолына не әсер етті және неге депутат болғысы келетіндігін айтты.
- Жансая, сен бала кезіңде-ақ әлем чемпионы атағына жеттің. Өзіңінің шахмат ойнындағы алғашқы ойныңды еске түсіре аласың ба? Сені кім үйретті?
- Біздің отбасымызда балалардың ешқайсысы бала бақшаға бармапты, мен де балалығымды үйде өткіздім. Бос жүрмесін деп әкем шахматқа үйретті. Бес жасымда ағаммен ойнайтынмын, алты жасымда үйірмеге қатыстым, ол жерде бізді бапкер дайындады. Алғашқы екі айым жылаумен өтті – қолымнан ештеме келмеді. Сол кезде ата-анам мені шахмат үйірмесінен алып кетіп, мәнерлеп сырғанауға бермек болды. Конькиді жақсы тебе бастадым, дегенмен, мен шахматқа қайта оралдым.
- Саған әлем чемпионы болу үшін екі жыл керек болды. Қандай қиындықтар болды?
- Мен өте ерте тұратынмын – таңғы жетіде әкем екеуміз Орталық стадионда жүгіріп жүретінбіз, сосын бассейнге баратынбыз. Ол кезде бауырым енді дүниеге келген, ол жылаған кезде ойлану мүмкін болмаған соң әжемдікіне баратынбыз. Ол жерде төрт сағат дайындалтынбыз, әкеммен ойнаймын, түрлі жүрістерді қарастыратынбыз. Осының бәрінен кейін мектептің үй тапсырмасы болатын. Менің мектепке еркін баруыма рұқсатым бар болатын, сондықтан мен шахматқа толық берілдім. Бір нәрсеге қол жеткізу үшін, балалар да бір нәрсені құрбан етуі керек. Маған ауыр болатын, бірақ сүйікті ісіммен айналысу ұнайтын.
- Бүкіл әлемде спортсмендер өте бай болмаса да біршама дәулеті бар адамдар. Саған чемпионаттардағы жеңісің үшін құнды бірдеме сыйлады ма? Мүмкін қомақты ақша?
- Мен 2008 жылғы әлем чемпионатын ұтқаннан кейін Президент Нұрсұлтан Назарбаев маған үш бөлмелі пәтер сыйлады. Мен ол кезде сегізге енді толғанмын. Оған дейін жалға алынған баспанада тұрдық, көше салысымен өмір жеңілдеді. Пәтеріміз Ақсайдағы мектебіме жақын, өте қолайлы. Кездесу кезінде жағдайды пайдаланып, Нұрсұлтан Әбішұлына шахматты мектеп бағдарламасына енгізуді ұсындым. Ол мұның керемет ой екенін айтты. Қазір кей мектептерде шахмат үйірмелері бар.
- Сегіз жасыңда үш бөлмелі пәтерге қол жеткізу – ғажап оқиға! Ата-анаң бұл жаңалықты қалай қабылдады? Өйткені бұған дейін олар ай сайын ақша төлеуге мәжбүр еді ғой?
- Олар мені алдын ала жеңіске даярлады. 2007 жылы мен Түркиядағы әлем чемпионатында ойнадым, ол жерде төртінші орын иелендім. Біз үйге келісімен, келесі жылы мен әлем чемпионы болу үшін тағы да күш сала түсу керек деп шешім қабылдадық. Солай болды да, сондықтан маған пәтер кілтін бергенде мен оны қалыптылық ретінде қабылдадым.
- Көзіңід жұмып, өміріңде шахмат болмаған деп елестетіп көрші. Сен онда немен айналысып, қай жолды таңдар едің?
- Мен шахматшы емес, мәнерлеп сырғанаушы болғым келгенін айтқан едім. Әлем чемпионатындағы жеңістен кейін ата-анам таңдау жасауымды сұрады. Мен шахматты таңдадым. Мен мұзайдынды ашық-жарқын костюмдер үшін ұнататынмын, алайда, анам бұдан шығатын жол тапты: "Мен саған мәнерлеп сырғанаушылардікіндей костюм алып беремін, соны киіп алып шахмат ойнайсың", - деді ол. Шынымды айтсам бұған тез келістім, осылайша мені айламен көндірді.
-Маңызды турнир алдында дайындығың қалай жүреді?
- Дайындалуға өз бапкерім Владимир Чучеловқа барамын, Бельгияға. Біз күніне сегіз сағат дайындалып, партияларды бақылап, сараптаймыз. Ол өзінікін ұсынады, мен өз өйымды ұсынамын. Маған менің бапкерім қатты ұнайды, оның тәжірибесі мол, ол – Фабиано Каруано мен Аниша Гириді дайындаған – бұл екеуі барлық гран-при серияларға қатынасатын топ-ойыншылар. Шетелдегі жарыстар спонсорларға тікелей байланысты, қазір мұнымен қиын, сондықтан екі ай болды Қазақстаннан шықпадым.
- Қазіргі чемпиондардың қайсысы саған үлгі, кімге ұқсағың келеді?
- Магнус Карлсен, 25 жасар Норвегиялық жігіт, ол ерлер арасындағы қазіргі чемпион. Ал, әйелдер арасында - Юдит Полгар, бірақ ол үнемі ерлермен ойнайтын. Маған ерлермен ойнаған ұнайды, олардан еш қысым болмайды. Ерлердің ойыны нақты, суық ойын, ал қыздар қателесіп қалуы мүмкін. Мен кейде ер мінезді екенімді байқаймын. Бірақ жиналып қалса, жылап та аламын.
- Қанша жасыңа дейін шахматпен айналыса бермексің?
- Әйелдер арасында чемпион болған соң, бұлай қатты ойнағанды қоямын. Университетке түсемін, сосын депутат болаиын. Қайырымдылық қорын ашқым келеді. Балалар үйіне, көмек қажет жандарға қол ұшын бергім келеді. Мен алматыда тудым, дегенмен Астанаға көшуге дайынмын. Бірақ мұның бәрі тамызда Үндістанда өтетін чемпионаттан кейін. Жалпы болашаққа жоспарларым көп, өзімді инженерия мен дизайнде байқап көргім келеді. Сурет салу қолымнан келеді, бос кезімде комикс кейіпкерлерін қайталап салып отырамын. Немен айналыссам да – мен жетістікке жеткен және жағдайы түзу адам боламын. Отбасын ұмытпаймын: үш баланың анасы болып, тағы соншасын балалар үйінен алғым келеді.
- Сен сұхбатты Жансая Әбдімәлік атындағы академия қабырғасында беруге келістің. 16 жасыңда өз атыңдағы академияң болғаны тамаша ғой. Бұл кімнің идеясы болды?
- Бұл менің бала арманым. Үнемі мектеп ашуды, талантты балаларды іздеп тауып, әлеуетін ашып, адамдардан чемпион жасауды қалайтынмын. 2015 жылдың 10 қаңтарында бұл ойым іске асты. Қазір академияны ата-анам басқаруда, әкем – директор. Мен күнде осындамын. Балалармен дайындалып, бапкерлермен партияларды қарастырамыз. Ең жас үйренуші үште, ал ең үлкені 60 жастан асқан әжей.
- Қозғалыстағы демалыстарды ұнатамын. Отбасымызбен тауға барамыз, менің аталарым өте белсенді. Табиғатты, балыққа барғанды жақсы көремін. Жалғыз қалып, кітап оқыған да ұнайды, соңғы авторлардың бірі – Джек Лондон. Сәнді гаджеттер мен әлеуметтік желіге келер болсақ, менен Интернетке кіре бастаған уақтымда-ақтелефонымды тәркілеген. Үш апта бұрын ғана телефонымды қайтарды, өсіп қалдың дейді. Мен бақыланып отыратын Facebook желісінде, басқа адам қадағалайтын Instagram желісінде бармын.