Атырау облысының әкімі Нижат Рахимовке Астанадан пәтер сыйлады (фото)
2016 ж. 05 қыркүйек
2850
0
5 қыркүйекте Атырау халқы облыс атынан шыққан олимпиадашыларды - ауыр атлет Нижат Рахимов пен таэквондошы Жансель Денизді күтіп алды деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қала халқы мен олимпиадашылардың салтанатты кездесуі әуежайда басталды, Олимпиада чемпионы Нижат Рахимовты әкесі, анасы және қарындасы күтіп алды.
Қаланы аралап шыққан соң, олимпиада чемпионы «Жайық» спорт кешеніне келді. Онда Н.Рахимовтың құрметіне концерт және жас спортшылармен кездесу ұйымдастырылған.
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев спортшыларды құттықтады.
"Біз сендердің жетістіктеріңмен мақтанамыз, Рио олимпиадасы басталысымен, демімізді ішке тартып, ойынды бақыладық. Өз жеңісімен Рахимов Қазақстандағы спорттың дамуына қозғау салды, оған Қазақстанда қажеттінің бәрі бар. Оның ел қоржынына салған алғашқы Олимпиада алтыны жастар үшін керемет ынталандыру болды. Мемлекет басшысы қазақстандықтар арасындағы саламатты өмір салтын дәріптеу туралы үнемі айтып жүреді және біздің спортшылардың мұндай жетістіктері жастардың патриоттық сезімін оятады, өзін өзі дамытуға жетелейді, - деді Ноғаев.
Атырау облысының әкімі Нижат Рахимовқа Астанадан үш бөлмелі пәтер сыйлады. Дәл қазіргі уақытта Рахимов Астанада жаттығуда. Ал таэквондошы Жансель Денизге 2 миллион теңге сертификатын табыстады. Салтанатты сөз сөйлеуден кейін Рахимов қолдау білдірген қазақстандықтарға өз алғысын білдірді.
"Маған үлкен қолдау білдірген Қазақстан халқына рақмет айтамын. Атырау облысына үлкен рақмет, мен мұнда 2014 жылы келдім, осында мені бәрі қолдады, барлық облыс тұрғындарына үлкен алғыс айтамын!", - деді Рахимов.
Чемпионға арнайы мерекелік концерт ұйымдастырылды. Концерт біткен соң Н.Рахимов Атырау облысының әкімі Ноғаевқа «сэлфи» жасау туралы өтініш білдірді.