"Ақ жол" ауыл балаларына футбол алаңын салып берді (ФОТО)
2016 ж. 05 қыркүйек
6177
4
2016 жылғы 4 қыркүйекте ШҚО Ұлан ауданының Жанұзақ ауылында "Ақ жол" ҚДП Парламенттік фракциясының күшімен салынған футбол алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті, - деп хабарлайды qazaquni.kz тілшісі.
Осының алдында ҚДП төрағасы Азат Перуашевтің атына ауыл тұрғындары ауылда спорт алаңын салуға жәрдемдесу өтінішімен хат жазған болатын. "Ақ жол" депутаттары ауыл тұрғындарының бастамасын қолдады - жақында футбол алаңы мен спорттық снарядтарды бар алаңның құрылысы аяқталды.
Спорт алаңдарына арналған техникалық нормаларды ескерілді. Алаң "Ақ жол" партиясының депутаттарының қаражаттарына салынды. Алаңның көлемі 50х25 метр. Жасанды газонмен жабылған.
Бұл күні спорт алаңының салтанатты ашылуына орайластырылған ауыл командалары арасында футболдан жарыс та болып өтті.
"Біздің спортшылар Олимпиадаларда, түрлі халықаралық жарыстарда жақсы нәтижелер көрсетуде. Бұл жастар үшін үлгі, ел мәртебесі. Бірақ олимпиадалық чемпион бірен-саран, ал, әрбір қазақстандықты салауатты өмір салтын жүргізуге, спортқа тарту қажет,- дейді алаңның құрылысын жеке басқарған депутат Берік Дүйсембинов. – Өкінішке орай, бүгінде бұқаралық спорт әрбір қарапайым отбасына қол жетімді деп біз айта алмаймыз. Және бұл біздің ауылдық балалар-жасөспірімдер спортына қосқан үлесіміз".
Іс-шараға Мәжіліс депутаттары Азат Перуашев, Берік Дүйсембинов, Кеңес Абсатиров және осы салаға жауапты аудан басшылары, қоғам қайраткерлері қатысты.
qazaquni.kz