Сапарбаев Рио жүлдегері Фархат Харкиге қазақ тілін үйрену үшін төрт жыл уақыт берді

0
1060

Ақтөбеде облыс атынан Рио олимпиадасына қатысқан спортшылар марапатталды. Олар екеу: бірі – қола медаль алған зілтемірші Фархад Харки, екіншісі – еркін күрес балуаны Нұрислам Санаев. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Рио-2016 қола жүлдегері Фархад Харкиге облыс басшылығы пәтер кілтін табыстады.

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев оған сертификат табыстап тұрып: «Саған мемлекеттік тілді меңгеруің үшін 4 жыл уақыт беріледі», – деп әзілдеді.

Содан кейін Нұрислам Санаевқа алғыс хат табысталды. Олимпиадада Фархад Харки қола жүлдеге қол жеткізсе, Нұрислам Санаев жартылай финалға шыға алмай қалған еді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз