Дариға Шәкімова бокстан Олимпиаданың қола жүлдегері атанды

Әйелдер боксынан 75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Дариға Шәкімова америкалық азулы қарсыласынан айласын асыра алмады.

Дариға Шәкімова бокстан Олимпиаданың қола жүлдегері атандыҚазақтың боксшы қызы әйгілі америкалық Кларесси Шилдстен ұпай саны бойынша ұтылып қалды.

Дариға бар күшін сарқып, жеңіс үшін барын салғанымен, Олимпиада әрі әлем чемпионы саналатын қарсыласының мысын баса алмады.

Әйткенмен, Дариға Бразилия төрінен жүлдесіз қайтпайды. Ол қазақ қыздары арасында тұңғыш рет бокстан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанып отыр.

Осыдан төрт жыл бұрын Марина Вольнова да Лондон Олимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алғаны есімізде.

Жалпы, Рио Олимпиадасы қазақ қыздарының табысымен есте қалады. Ауыр атлет Жазира Жапарқұл, еркін күрес шебері Эльмира Сыздықова және боксшы Дариға Шәкімова елге Олимпиада медалімен оралады.