Дариға Шәкімова бокстан Олимпиаданың қола жүлдегері атанды

1
2212

Әйелдер боксынан 75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Дариға Шәкімова америкалық азулы қарсыласынан айласын асыра алмады.

Қазақтың боксшы қызы әйгілі америкалық Кларесси Шилдстен ұпай саны бойынша ұтылып қалды.

Дариға бар күшін сарқып, жеңіс үшін барын салғанымен, Олимпиада әрі әлем чемпионы саналатын қарсыласының мысын баса алмады.

Әйткенмен, Дариға Бразилия төрінен жүлдесіз қайтпайды. Ол қазақ қыздары арасында тұңғыш рет бокстан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанып отыр.

Осыдан төрт жыл бұрын Марина Вольнова да Лондон Олимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алғаны есімізде.

Жалпы, Рио Олимпиадасы қазақ қыздарының табысымен есте қалады. Ауыр атлет Жазира Жапарқұл, еркін күрес шебері Эльмира Сыздықова және боксшы Дариға Шәкімова елге Олимпиада медалімен оралады.

1 Пікір

  1. Дариғада жеңілмейтін рух бар екен.Барлық атақты қарсыластарымен бір деңгейде ұрыс салды.Бірақ, біздегі әйелдер боксының деңгейін Батыс боксымен салыстыруға келмейді. Сонан да оның қола медалі алтынмен парапар. Құраманың Даниярдан басқа жігітттері мен Жайна Шекербекова Дариғадай бокстасқанда нағыз ой-ой-ой… болар еді. Алға, Дариға! Қашанда Алла жар,жолың-ақ, жолдасың Қыдыр болсын!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз