Екатерина Ларионова Қазақстанға қола жүлде сыйлады

Екатерина Ларионова әйелдер күресінен Олимпиаданың қола жүлдегері атанды.

Екатерина Ларионова Қазақстанға қола жүлде сыйлады

63 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Ларионова қола жүлде үшін өткен белдесуде АҚШ спортшысын таза жеңді. Бірінші кезеңде 22 жастағы америкалық Елена Пирожкова 0:3 есебімен алға шыққан. Алайда, Қазақстан күрес мектебінің түлегі қарсыласының жауырынын жерге тигізіп, таза жеңіске жетті.

Ларионова ең алғашқы белдесуіне беларусь қызынан ұтылған. Қарсыласы финалға шыққан соң жұбаныш белдесуінде, кейін қола медаль үшін күресте жеңіске жетті.

Екатерина Ларионова Батыс Қазақстан облысының тумасы. Бұған дейін ол әлем чемпионатында қола медаль алған.