38 жастағы Гүзел Манюрова Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды

Гүзел Манюрова әйелдер күресінен 75 келіге дейінгі салмақта Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды деп хабарлайды NUR.KZ.

38 жастағы Гүзел Манюрова Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды

Манюрова финалда канадалық қарсыласынан 0:6 есебімен жеңіліп қалды. Гүзел Лондон Олимпиадасында Қазақстанға қола медаль сыйлаған болатын.

Бұл Манюрованың үшінші Олимпиадасы. Алғаш рет ол Афины Олимпиадасында күміс иеленген.

Балуан қыздар үшін Рио Олимпиадасы сәтті аяқталды деуге болады. Жұлдыз Ешімова қола медальға күресіп, 5-ші орынға тұрақтаса, Эльмира Сыздықова мен Екатерина Лариновалар қола медаль иеленді.