Олимпиададан кейін Қазақстанның ауыр атлеттері бір жылға жарысқа қатысу құқығынан айырылады
2016 ж. 17 тамыз
2028
15
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Рио-де-Жанейродағы Олимпиада аяқталғаннан кейін Ресей, Қазақстан, Беларусь ауыр атлетика федерациясын бір жылға жарысқа қатысу құқығынан айырады деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Риодағы Олимпиададан кейін бірқатар елдердің мүшелігін тоқтатамыз. Оған кепілдік беремін. Олар Ресей, Қазақстан, Беларусь. Қайта талдау аяқталған жоқ, ақпарат күтіп отырмын, тағы бірнеше ел жарыстан шеттетілуі мүмкін. Оны қыркүйектің аяғында немесе қазанда мәлімдейміз», - дейді IWF басшысы.
IWF атқарушы комитеті 22 маусымда спортшылары допинг қолданған елдер федерациясын қайта тексергеннен кейін 2008 және 2012 жылғы олимпиадаларда үш немесе одан көп допинг сынама оң көрсеткіш берген жағдайда, бір жылға жарысқа қатысу құқығынан айыратын қаулы қабылдады. Оған Ресей, Қазақстан, Беларусь ілігуі ықтимал.