Илья Ильиннің жеке бапкері қызметінен бас тартатынын мәлімдеді

Допинг дауына іліккен Илья Ильиннің жеке бапкері Тойшан Бектеміров өз қызметінен кететінін мәлімдеді.

Илья Ильиннің жеке бапкері қызметінен бас тартатынын мәлімдедіБұл туралы Vesti.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

"Мен өзімнің кететінімді айтқым келеді. Бұл отставка емес, өз еркіммен кету... Илья сияқты спортшымен жұмыс істегенде халықтың, президенттің алдындағы үлкен жауапкершілікті сезінесің. Біз елдің байрағын көтереміз ғой... Сондықтан мен кетемін деп шештім. Жанкүйерлердің неге тек спортшыны жазалап, бапкерді жазасыз қалдырады дегенін оқыдым. Бұл бәрібір әсер етпей қоймайды", - дейді Бектеміров.

Осылайша, Ильиннің жеке бапкері келісім-шартты бұзатынын айтты.

"Мені ешкім күштеп жатқан жоқ. Өз еркіммен бас тартып жатырмын бұл қызметтен. Тіпті, Илья да білмейді. Ол естігенде кезде қарсы болатыны сөзсіз. Бірақ оны жаппай кінәлап жатқанда мен бұлай отыра алмаймын", - дейді Тойшан Бектеміров.

Еске сала кетейік, допинг дауына ұшыраған Илья Ильин Рио Олимпиадасына қатыспайды. Алайда, бұл туралы ХОК ресми мәлімдеме жасаған жоқ.