Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев банкке 13 миллион 600 мың теңге қарыз болып шықты
2016 ж. 13 шілде
3890
2
Бокстан Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев банкке 13 миллион 600 мың теңге қарыз болып шықты деп хабарлайды 31 арна.
Басы даудан арылмай, бапкерімен де, жұбайымен де араздасқан боксшының сот ісі әлі жалғасып жатыр.
"Қазақстан халық банкі" Астанадағы Сарыарқа аудандық сотына Сәрсекбаевтың үстінен азаматтық арыз түсірген. Боксшы 120 айлық мерзімге 15% сыйақы мөлшерлемесі көлемінде 13 миллион 600 000 теңге несие алып, жылжымайтын мүлік ретінде Астана қаласындағы жеке пәтерін кепілге қойыпты.
Соңғы тексерістерден кейін сот екі жақты келісімді жарамсыз деп таныды. Өйткені, оның өз міндетінен жалтармақ болғаны анықталған. Енді боксшы банкке қарызы мен мемлекет пайдасына сот шығындарын толық өндіріп беруі керек.
Бұған дейін Бақыт Сәрсекбаев тағы бір сотта жеңіліп, өзіне тиесілі автокөлікті Эльвира Сәрсекбаеваға беруге шешім шыққан болатын.