Бейбіт Ыстыбаев үшінші мәрте «Қазақстан Барысы» атанды

3
2306

Бүгін Астанадағы «Сарыарқа» велокешенінде «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің финалдық кезеңі өтіп, жеңімпаз анықталды деп хабарлайды NUR.KZ.

Осымен алтыншы рет өткізілген  турнирде Бейбіт Ыстыбаев қатарынан үшінші рет жеңімпаз атанып отыр.

Финалда Бейбіт ОҚО балуаны Жұманазар Ерсұлтановты таза жеңді. Ал үшінші орын үшін күресте тағы бір тараздық балуан Айбол Айтбек өз жерлесі Дәулетхан Жақыповты ұтып кетті.

Еске сала кетейік, Ыстыбаев 2012,2015 жылдары чемпион атанған болатын.

Биыл жарыстың фавориті саналатын Руслан Әбдіразақов, Асыл Бәрменов, Ұлан Рысқұл, Айбек Нұғымаровтар финалға жете алған жоқ.

«Көрермен көзайымы» аталымында Виктор Демьяненко мен Александр Касачев марапатталды.

3 ПІКІРЛЕР

  1. Бұл қазақ жігіттіерінің сүйіп күтетін және көретін сайысы ғой! Рухымыз аспанға асқақтап бір көтеріліп қалады)

  2. Осылар «қазақстан барысы» дегенді қайдан тауып алған? Қазақ Көк бөрілердің тұқымы емес пе? Егер, сайысты «Qazaq borisi» деп атасақ, бүкіл дүние жүзіндегі түркі халықтарының арқасы қозып, қазақ күресінің жанкүйері молаяр еді және насихатталуы да бір жолға қойылар еді.

  3. Қазақтың қазақша күресі қазақи рухымызды асқақтатып, қазақы қанымызды тулатып, қазақы кейіпте қазақи безендірілген сарайда тартысты өтіп жатыр. Бірақ қазақша арнаның екі жүргізушінің бірі, қазақша «Ң» дыбысын дыбыстай алмайтын сақаудың сөзі қазақы қанымызды қайнатып жатыр: «біздін», «кілемнін», «екі мын…», «сонында», «женіс»… тілін суырып тұрып бұрасаң ғой нәлеттің…

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз